Сайттың басқа беттеріне өтпес бұрын, «Ацино Каз» ЖШС (бұдан әрі – АЦИНО) үшін міндетті сипатқа ие, сондай-ақ Acino International AG (Швейцария) компаниялар тобына кіретін заңды ақпаратпен алдын ала танысуыңызды сұраймыз:
1. Жалпы шарттар мен талаптар
Осы веб-сайтта жарияланған барлық мәліметтер, соның ішінде барлық кескіндер мен ақпарат, егер өзгеше көрсетілмесе, «Ацино Каз» ЖШС-нің (немесе Acino International AG тобына кіретін компаниялардың бірінің) меншігі болып табылады және авторлық құқық туралы заңнамамен қорғалады. Осы веб-сайттағы мәтіндер мен файлдарды (мысалы, пресс-релиздерді) тек төмендегі шарттарды сақтай отырып пайдалануға рұқсат етіледі.
Біздің Сайт пайдаланушыларына құжаттарға өзгерістер енгізуге, құжаттарды жүктеу және көшіру үшін компьютерлік желілер мен үшінші тұлғалардың веб-сайттарын пайдалануға, сондай-ақ құжаттарды көшіруге немесе оларды жариялаудың басқа нысандарында орналастыруға рұқсат етілмейді. Барлық көшірмелерде авторлық құқықтың тиесілігі мен ақпарат көздері толық көрсетілуге тиіс.
Сонымен бірге, осы сайтты және онда қамтылған материалдарды коммерциялық емес және/немесе жеке мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі. Пациенттер арасында таратуға құжаттың осындай мақсатқа қатаң сәйкес келген жағдайда ғана жол беріледі және егер құжат дәрілік затты тағайындау жөнінде ұсыным беру үшін арналса, оны таратуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Жоғарыда көрсетілмеген барлық өзге жағдайларда пайдалану үшін АЦИНО-ның алдын ала жазбаша келісімін алу қажет.
АЦИНО компаниясының веб-сайтын және АЦИНО компаниясы ұсынатын қызметтерді пайдалана отырып, Сіз АЦИНО компаниясы белгілеген оларды пайдалану шарттарын сөзсіз қабылдайсыз. Веб-сайтты осы шарттар мен талаптарда тікелей көзделмеген мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Осы ережені сақтамау азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершіліктің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Осы веб-сайттағы барлық деректер мен ақпарат жалпы сипатқа ие және тек АЦИНО компаниясымен, оның өнімдерімен және қызметтерімен жеке танысуға арналған.
Сайттар АЦИНО компаниясының өнімдері мен қызметтеріне қатысты медициналық немесе қандай да бір өзге ұсынымдар мен кеңестер беруге арналмаған. Біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты нақты ұсынымдар алу үшін АЦИНО компаниясына тікелей хабарласуыңызды сұраймыз.
Осы веб-сайтта орналастырылған кез келген мәлімет АЦИНО компаниясының акцияларын сатып алуға арналған оферта немесе жарнамалық ұсыныс ретінде түсіндірілмеуге тиіс. Осы веб-сайт Швейцарияның міндеттемелік құқығының мағынасындағы қандай да бір эмиссия проспектісі болып табылмайды және Швейцария қор биржасының қағидаларында көзделген жарияланым ретінде қарастырылмайды. Инвестициялық шешімдерді сайтта ұсынылған ақпарат негізінде қабылдауға болмайды. Инвесторларға қандай да бір міндеттемелер қабылдамас бұрын кәсіби консультантқа жүгінуге кеңес береміз.
Осы веб-сайттағы кейбір мәтіндерде болашаққа бағдарланған мәлімдемелер немесе түсіндірмелер болуы мүмкін. Оқырмандар мұндай мәлімдемелер мен түсіндірмелерге болжанбаған факторлар әсер етуі мүмкін екенін ескеруге тиіс, сондықтан оларды тек пікір ретінде қарастырған жөн.
2. Шектеулі жауапкершілік
АЦИНО әрдайым нақты әрі өзекті ақпарат ұсынуға ұмтылады. Дегенмен, АЦИНО компаниясы осы веб-сайтта жарияланған ақпаратқа байланысты туындаған қандай да бір залал үшін жауапты болмайды. АЦИНО ақпаратқа өз қалауы бойынша өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осыған сәйкес, біз ұсынылған ақпараттың немесе біз сілтеме жасайтын ақпарат пен мәліметтердің дәлдігі мен толықтығына қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама кепілдіктер бермейміз және қандай да бір растаулар жасамаймыз.
Пайдаланушылар АЦИНО веб-сайтын немесе осы компанияға байланысты кез келген басқа сайттарды, сондай-ақ онда көрсетілген ақпаратты өз тәуекелдерімен пайдаланады. АЦИНО компаниясы да, Acino International AG тобына кіретін өзге компаниялар да, сондай-ақ веб-сайтты немесе оның жекелеген бөліктерін не ұсыныстарын өндіруге, таратуға, жасауға немесе жұмысын қамтамасыз етуге байланысты кез келген басқа тұлғалар да АЦИНО компаниясының Интернет-сервистеріне немесе онымен байланысты ақпаратқа қол жеткізу нәтижесінде туындаған, тікелей немесе жанама кінәнің болуына қарамастан, тікелей немесе жанама залал үшін қандай да бір нысанда жауапкершілік алмайды.
АЦИНО үшінші тұлғалардың веб-сайттарының қолжетімділігіне немесе олардың мазмұнына жауап бермейді. Пайдаланушылар мұндай веб-сайттарға берілген гиперсілтемелерді өз тәуекелдерімен пайдаланады және олар үшін АЦИНО компаниясына жауапкершілік жүктемейді.
Біздің өнімдерімізді қолданар немесе пайдаланар алдында әрбір дәрілік затқа қоса берілетін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысу қажет. Кейбір құқықтар тек өніммен бірге ұсынылатын пайдаланушы нұсқаулығынан туындауы мүмкін және ешбір жағдайда веб-сайтта орналастырылған өнім туралы ақпаратты пайдаланудан туындамайды.
3. Үшінші тұлғалардың ақпараты
Осы веб-сайтта қажетті жағдайларда үшінші тұлғалардың ақпараты, сондай-ақ үшінші тұлғалардың ақпаратына сілтемелер, көбінесе үшінші тұлғалардың веб-сайттарына өтуге арналған сілтемелер арқылы орналастырылады. Мүмкіндігінше үшінші тұлғалардың ақпараты тиісті түрде белгіленеді.
Үшінші тұлғалардың ақпаратына немесе веб-сайтына сілтеме жасау арқылы АЦИНО компаниясының оларға меншік құқығы туындамайды. АЦИНО компаниясы мұндай веб-сайттардың мазмұны үшін жауапкершілік көтермейтінін тікелей мәлімдейді, ал оларға берілген сілтемелер тек ұсынымдық сипатқа ие.
4. Веб-сайттың мазмұнын өзгерту
АЦИНО сайттың мазмұнына қажет деп санаған жағдайларда алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы веб-сайтқа кірушілер АЦИНО компаниясының қандай да бір өзгерістер енгізуіне байланысты ешқандай жауапкершілік туындамайтынын мойындайды.
5. АҚШ
Осы веб-сайтта ұсынылған ақпарат АҚШ-тың бағалы қағаздар туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) азаматтарына немесе тұрғындарына арналмаған және, тиісінше, АҚШ аумағында қасақана жіберілмеуге немесе таратылмауға тиіс.
6. Авторлық құқық, тауар белгілері, атаулар және дизайн
Осы веб-сайттағы барлық кескіндер мен ақпарат авторлық құқық туралы заңнамамен немесе өзге де коммерциялық құқықтық қорғау құралдарымен қорғалады. Осы веб-сайттың дизайны мен құрылымын тек АЦИНО компаниясы айқындайды.
Осы веб-сайтта бас әріптермен жазылған немесе өзгеше түрде белгіленген барлық өнім атаулары, сілтемелер АЦИНО компаниясының (немесе Acino International AG тобына кіретін қандай да бір компанияның) тіркелген тауар белгілері болып саналады. Бір өнімнің тауар белгілері әртүрлі елдерде ерекшеленуі мүмкін.
7. Қолданылатын құқық
Осы веб-сайтқа кіру арқылы сіз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттенесіз. Қазақстан Республикасының заңнамасынан басқа, АЦИНО компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде Швейцарияның Цюрих кантонының юрисдикциясын, яғни Acino International AG компаниясының бас кеңсесі орналасқан кантонның юрисдикциясын басшылыққа алады.
.