Acino, part of Arcera штаб-пәтері Цюрих қаласында орналасқан халықаралық фармацевтикалық компаниялар тобы.

Acino — штаб-пәтері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында орналасқан жаһандық өмір ғылымдары компаниясы Arcera-ның бір бөлігі.
Arcera Абу-Дабиде орналасқан ADQ инвестициялық және холдингтік компаниясының бастамасымен құрылған. Arcera-ның мақсаты — БАӘ-нің ғылым мен технология саласында әлемдік көшбасшы болуға бағытталған стратегиялық мақсатына елеулі үлес қосатын жаһандық биомедициналық орталық қалыптастыру.

Толығырақ ақпарат алу үшін Arcera-ның ресми сайтына кіріңіз: www.arceralifesciences.com. 

Әлем бойынша Acino, part of Arcera  қарқынды дамып келе жатқан нарықтарда гастроэнтерология, кардиология және ауырсынуды емдеу сияқты 20-дан астам терапевтік бағыт бойынша қосымша қасиеттері бар жоғары сапалы дәрілік препараттарды ұсынып, жетекші орынға ие. Өзінің сатылым және дистрибуция желісінің арқасында Acino, part of Arcera 90-нан астам елде белсенді қызмет атқарады.

1836 жылы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Acino барлық бағытта жоғары сапа стандарттарына адалдығын үздіксіз көрсетіп келеді:

  • өнім идеясын әзірлеуден бастап дайын дәрілік затты шығаруға дейін,
  • қарапайым технологиялық енгізулерден бастап озық ғылыми әзірлемелерге дейін.

Қазақстан Республикасында Acino, part of Arcera кеңсесі Алматы қаласында орналасқан

Acino, part of Arcera компаниясының Қазақстан Республикасындағы өнімдік портфелінде 30-дан астам препарат бар. Олар кардиология, неврология, эндокринология, онкология, неонатология және әйелдер денсаулығы сияқты негізгі терапевтік бағыттарда қолданылады.

Бірнеше жыл бойы халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, жоғары этикалық қағидаларды ұстана отырып, біздің команда үнемі жауапкершілік танытып, пациенттер мен клиенттерге қамқорлығын көрсетіп келеді.

Acino, part of Arcera компаниясын таңдай отырып, сіз жоғары сапаны таңдайсыз.